Талайды өнерімен тәнті етіп, төрткүл дүниені дауысымен тамсандырған Димаштың Елбасына алғыс айтып отырған сәтін белгілі журналист Салтанат Қалиева инстаграм желісіне жүктеді. Ол өзінің жазбасында Димаш Құдайбергеновты нағыз патриот деп бағалап, ата-анасына қазақи тәрбие бергені үшін ризашылығын білдірді.
Димаш бейнежазбада өзінің ыстық ықыласын келесідей жеткізген: «Біз жеңіске жеттік! Бұл жеңіс сіздердің құрметтеріңізге. Осы, қазіргі таңда емін-еркін, қалаған байқауымызға барып, әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетуімізге ерекше мүмкіндік берген, біздің заманауи Қазақстанның іргетасын қалаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахметімді айтқым келеді»,-деді ол.
Әншінің осы жүрекжарды лебізін естіген жұрт бірден қол шапалақтап, қошемет көрсетті.
Айта кетейік, бұл байқауда Димаш Құдайбергенов екінші орын алса да жерлестері оның өнерін әлеуметтік желілерде жоғары бағалап, алтынға лайықты жеңіс деп пікір білдіруде.
Эксклюзив, кыздар❗️#НагызПатриот #thesingerdimash @kudaibergenov.dimash 🇰🇿⭐️🌙@kanat_sveta_aitbaevtar - Димаштай ушiн, осындай казаки тарбие берген ушiн, алдымен , сiздерге мын алгыс 💐🙏
Публикация от Saltanat KaliEva (@kaliyeva_saltanat_) Апр 15 2017 в 11:32 PDT