«2020 жылдың наурызында фэнтези жанрындағы фильм көрерменге жол тартады. Фильмнің желісін Пьерджузеппе Зая (Pirgiuseppe Zaya) мен Элеонора Фани (Eleanor Fani) жазып шыққан. Режиссер - Пьерджузеппе Зая. Басты рөлдерде Жерар Депардье, Брюс Пейн, Элеонара Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мискиати мен Уильям Шатнер ойнайды. Мен фильмнің негізгі әнін (OST) айтамын. Кинотеатрлардан күтіңіздер», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Әнші сондай-ақ парақшасында «Creators: The Past» фильмінің трейлерін жариялады.