Димаш Құдайберген France 2 телеарнасындағы шоуда ән шырқады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде франциялық France 2 телеарнасының Les années bonheur кабаре-шоуында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің видеосы пайда болды.

Бұдан бұрын Димаш Құдайбергенді француз телеарнасы - France 2 көрермендерге кеңінен танымал шоуға шақырған болатын.

 Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды. «Мен француздық France 2 теле арнасының  Les années Bonheur кабаре шоуының құрметті қонағы боламын. Әлем жұлдыздары өнер көрсететін кеш 6 мамырда Франция уақытымен  20:00-де, жіберіп алмаңыздар!!!».

Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  Қытайдағы Singer шоуында жарқ етіп,  талай жұртты тамсандырған болатын. Бұл күндері әншіге табынушылар қатары сан мыңдап саналады десек артық айтқандық болмас.