Бұдан бұрын Димаш Құдайбергенді француз телеарнасы - France 2 көрермендерге кеңінен танымал шоуға шақырған болатын.
Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды. «Мен француздық France 2 теле арнасының Les années Bonheur кабаре шоуының құрметті қонағы боламын. Әлем жұлдыздары өнер көрсететін кеш 6 мамырда Франция уақытымен 20:00-де, жіберіп алмаңыздар!!!».
Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer шоуында жарқ етіп, талай жұртты тамсандырған болатын. Бұл күндері әншіге табынушылар қатары сан мыңдап саналады десек артық айтқандық болмас.