Ол сұхбат барысында қазақстандық өнерпаздардың әлемдік сахнаға шығуы үшін не маңызды екеніне тоқталды.
Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ең алдымен өнер адамы өз жолын таңдап, соған сенуі керек. Қаржылық жағынан тиімді көрінген әр мүмкіндік үшін бағытын өзгерте беру ұзақ мерзімді мақсатқа кедергі келтіруі мүмкін.
– Өз жолыңмен жүру керек. Өзіңе сену де өте маңызды. Қысқа уақытта қаржылық пайда әкелетін мүмкіндік пайда болды екен деп бағытыңды өзгерте бермеу керек, – деді ол.
Әнші кәсіби мансапты басқаруда ұзақ мерзімді жоспардың маңызына тоқталып өтті.
– Кәсіби мансапты басқару дегеніміз – ұзақ мерзімді ойлау. Бүгін тиімді болып көрінгені үшін әр ұсынысты қабылдай беруге болмайды. Қандай мақсатқа қарай келе жатқаныңды әрдайым есте ұстау керек, – деді Димаш Құдайберген.
Оның пікірінше, халықаралық деңгейге шығу үшін талантпен қатар өзіне сену, нақты мақсат және сол бағыттан айнымау маңызды.
Айта кетейік, Димаштың «AQERKE» әні халықаралық жазғы хит-парадтың үздік үштігіне енді.