«Қымбатты достар! 2020 жылдың 11 наурызында Киев қаласында өтетін жеке концертіме билет сатылымы басталғанын қуанышпен хабарлаймын. Билеттерді концерт серіктесі concert.ua сайтынан қарауға болады. Мен сіздерді күтемін», - деді Димаш өзінің бейнеүндеуінде.
Айта кетейік, концерт Киевтегі спорт сарайында өтеді. Билеттің бастапқы бағасы 700 гривнадан басталады. Бұл – қазіргі курспен 10 962 теңге.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Димаштың «Arnau tour ENVOY» жеке концерті өтеді. Концертте әнші жаңа туындыларды таныстырып, төрт тілде ән шырқайды.