Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді

Фото: dimashnews.com

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестиваліне қатысады.

20-22 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтеді.

Димаш Құдайберген 22 шілде күні көрермендерді өнерімен қуантады.

- Димаш осы үлкен музыкалық фестивальдің ең жарық жұлдызы болады! – дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальге 25-тен астам елдің өнерпаздары қатысады.

Осыған дейін әйгілі Вьетнам радиосының Димаш Құдайбергенге хабар арнайтыны туралы жаздық.

Радиохабар әншінің өнер жолына арналады. Атап айтсақ, қытайлық «Singer 2017» шоуындағы дебютінен бастап әртүрлі музыкалық жанрларды қамтитын халықаралық жетістіктері (классикалықтан қазіргі попқа дейін) қамтылады.