Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

АСТАНА. KAZINFORM — 22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының орталық ипподромында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің салтанатты финалы өтті.

Фото: dimashnews.com

Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Фото: dimashnews.com

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Фото: dimashnews.com

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде ерекше образдағы сурет, бейнежазба жариялап, көрерменді таңғалдырған еді.