Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ол өзінің өнер адамы ретінде қалыптасу жолын баяндай келе Хакім Абайдың өлеңінен мысал келтірді: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан».

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Singer 2017 халықаралық фестивалінде екінші орын алған болатын. Бұл жеңісінен кейін Қытайда және бірқатар Азия елдерінде Димаштың өнеріне табынушылар пайда болған еді.