Димаш Құдайберген Лос-Анджелесте жаңа бейнебаян түсіріп жатыр

Фото: Фото: видеодан кадр/instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лос-Анджелесте жаңа бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

«Лос-Анджелесте жаңа әнге бейнебаян түсіріліп жатыр. Баршаңызға қайырлы күн», - деп хабарлады Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Кадрлардан бейнебаянның түсірілім жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын көруге болады.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оған сәттілік тілеп, жаңа туындыны асыға күтетінін атап өтті.