«Мен шетелде жүрген кезде міндетті түрде қазақтың халық әндері орындалады. Менің басты мақсатым не? Кіндік қаным тамған жерде қазақтың ұлы тұлғалары тың дүниелерді жарыққа шығарды, ал, біз, әншілер мүмкіндігінше ол туындыларды насихаттауымыз керек. Менің де мақсатым сол. Сондықтан қазақтың халық әндері көптеп шырқалатынына күмән келтірмеңіз. Жаңа әндер де бар. Оның құпиясын сіздерге толық ашқым келмейді. Өйткені, оны концертте (Лондондағы) көрермендер бірінші тыңдаса деймін», - деді Димаш Құдайберген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу барысында.
Айта кетсек, осы айдың 19-да Лондонда Димаштың жеке концерті өтеді. Қазіргі таңда Лондон орталығындағы экрандарда қазақстандық әншінің концерті жарнамаланып жатыр.