Димаш Құдайберген Мехикода екінші «Stranger» шоуы өтетінін жариялайды

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

АСТАНА. KAZINFORM — Диамаш Құдайберген 8 және 10 қазанда Мехикода концерті өтетіні туралы хабарлады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіге жазды.

— Құрметті достар! Мексикадағы алғашқы жеке концерттің билеттері өте тез сатылып кетуіне байланысты жанкүйерлердің өтініштері бойынша «ДимашАли» шығармашылық орталығы Мехикодағы екінші «Stranger» шоуын жариялайды. Концерт 10 қазанда Palacio de los Deportes сарайында өтеді.  Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз сағат 11:00–де Banamex-те ашылады, — деп жазды.

Жалпы сатылым — 15 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина радиостанцияларында Димаштың 75-тен астам әні шырқалды.