Димаш Құдайберген мен Ержан Максим МУЗ-ТВ-ның қызыл кілемімен жүріп өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Муз-ТВ 2019 сыйлығының қызыл кілемін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Муз-ТВ 2019 сыйлығы кешінің фотосуретін телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров жариялады.

«Қызыл кілемді біздің арнайы қонағымыз Димаш Құдайберген ашты», - деп жазды Арман Дәулетияров.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген мен Ержан Максимнің «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінің арнайы қонағы болатынын бұған дейін жариялаған болатынбыз.