Димаш Құдайберген: Менің бақытым - халқым мен сахна
«Әркімнің өз бақыт өлшемі бар. Менің бақытым - халқым мен сахна. Менің әндерім сіздердің жүректеріңізге жетіп жатса, менің арманымның орындалғаны. Мені сыйлап, менің өнерімді бағалап келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын»- деді Д. Құдайберген.
Концерт сценариіне 27 ән енгізілген, одан бөлек әнші жаңа альбомынан 5 ән орындайды деп күтілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.