АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Mейкин Азия» IV Халықаралық музыка фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды, деп хабарлайды Кabar ақпарат агенттігі.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың хабарлауынша, 2013 жылы дәл осы фестивальде Димаш бірінші маусымның Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Арада 12 жыл өтті, ол өзінің жұлдызы алғаш жанған жерге қайта оралады.
Бұған дейін 20-22 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтетінін жазған болатынбыз.
Димаш Құдайберген 22 шілде күні көрермендерді өнерімен қуантады.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.