«Болар істің алдын кеспе, деп айтады. Бірақ сіздің алдыңызда айтқым келіп отыр. Алдағы уақытта мені MTV Music Awards номинациясына ұсынып жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада, жанды дауыста концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын», - деді Димаш ҚР Президентіне қарата.
19:49, 26 Сәуір 2017
Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды. Бұл жайында әншінің өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.