«Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды ғой. Өте талантты жұмыс», - деп жазды Димаш Құдайберген.
Бұл - моңғолиялық «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен моңғол қызы Б.Халиун болатын. Ол Қытайда өткен I am a singer жобасында Димаш шырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің концерті өтетінін хабарлаған болатынбыз.