АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Сочи қаласында ән шырқап, сахнада қарындасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Раушан Құдайберген 18 жасқа толды. Оны ата-анасы, ата-әжесі әлеуметтік желі арқылы құттықтаса, ағасы Димаш Құдайберген сахнада тілегін жеткізді.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Бүгін қарындасым 18 жасқа толды. Оған бар жақсылықты тілеймін және оны жақсы көремін», - деді әнші Димаш Құдайберген.
Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі әншінің фанаттары оның қарындасын құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.