"Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдан Димашқа Мәскеу қаласында өтетін «Песня года» және «Жаңажылдық ұшқын» телефестивальдеріне шақыру келді", - деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Айдар Қырықбай Фейсбук желісінде.
Айта кетейік, 16 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Айтбаевпен және Димаш Құдайбергенмен кездесіп, 19 қарашада өтетін концерттің мән-жайын талқылаған болатын. Әншінің әкесінің айтуынша, Димаш Лондондағы концертте әндерінің 60 пайызын қазақ тілінде шырқайды.
Димаштың 19 қарашада өтетін Лондондағы концертіне барлық билеттер сатылып кетті.