«Достар, жақсы және жаман жаңалық бар. Мен өзімнің жаңа бейнебаянымның режиссері болдым. Бұл өнерді бағалайтындар үшін жаман жаңалық, әрине. Дегенмен жақсы жаңалығым да бар: мен жалғыз болмадым. Мені және көрермендерімді талантты қоюшы-оператор, режиссер және өте керемет адам - Азамат Дулатов құтқарып қалды», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде жаңа бейнебаян түсіргені туралы жазған болатынбыз.