«Құрметті достар, 7 наурыз күні Ригада Балтық жағалауындағы менің жалғыз жеке концертім өтеді. Барлығыңызды асыға күтемін. Менің жеке концертіме келіңіздер», - деді Димаш Instagram-да жариялаған видеосында.
Сондай-ақ, әнші концерттің «Рига-Аренада» өтетінін айтты.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Нью-Йоркте Игорь Крутойдың шоуына қатысқан еді. Әнші БҰҰ штаб-пәтеріне барып, қазақстандық дипломаттармен кездесті.
Бірнеше күн бұрын Димаш «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысып, тележүргізушіге шапан сыйлады.