«Кездескенше Америка. Кездескенше Ресей. Ертең «Вечерний Ургант» бағдарламасының түсірілімі», - деп жазады әнші өзінің Instagram парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін Әнші Димаш пен полицей Димаш Нью-Йоркте кездескені туралы хабарладық.
10 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында концерт береді. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.
Әнші Америкада төрт тілде ән шырқайды.