Әншінің анасы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Светлана Айтпаеваның айтуынша, ұлына қолдау көрсету үшін Димаштың әкесі де Қытайға бірге бармақ.
«Димаш қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көреді. Қытайда бірақ ондай мүмкіндік жоқ. Жаңа жылды олар етсіз тамақтармен қарсы алуға мәжбүр болып тұр. Димаш қытай үйрегін жейтін болуы керек,-дейді С. Айтпаева.