«Ахмет Жұбанов атындағы колледжді «Опера әншісі» мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры - Айман Қожабекқызына және оқытушы - профессорлық ұжымға алғысым шексіз!», - деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.