Сантьягода өтетін концерті қарсаңында оны әуежайдан жанкүйерлері күтіп алды. Концерт билеттері алдын ала толық сатылып кеткен. Бұл туралы Dimashnews жазды.
Чилидегі алғашқы сәлемдесу әнші ұшаққа қонбай тұрып-ақ естілді. Ұшақ қонғаннан кейін әуе кемесінің ұшқышы қазақстандық өнерпаз бен оның командасына арнайы құттықтау сөзін арнады.
— Чилиге келген Димаш Құдайберген мен оның командасын қарсы аламыз. Мұнда өнерпаздың көптен күткен концерті өтеді. Қош келдіңіздер! — деді ұшқыш.
Әуежайда Димашты оның Чилиге келуін көп жылдан бері асыға күткен жанкүйерлері қарсы алды. Осы ерекше сәтке орай Dears фан-клубының мүшелері қазақстандық әншіге жылы ықыласын білдіріп, қолдау көрсетті.
Чили жұртының алдағы концертке қызығушылығы әнші елге келмей тұрып-ақ байқалды. Сантьягодағы концерттің барлық билеті алдын ала сатылып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергенге әлемдік бокстың ең мәртебелі марапаттарының бірі табысталғанын жазғанбыз.