Димаш Құдайбергенді сахалық жанкүйерлер қазақ тілінде құттықтады
20:09, 01 Қаңтар 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді ресейлік Саха Республикасындағы жанкүйерлері қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құттықтау видеосы Димаш Құдайбергеннің Саха Республикасындағы фан-тобының ресми парақшасында жарияланды.
«Жаңа жыл құтты болсын! Аман болыңыз! Жақсылык әкелсін! Аспан ашық болсын!» - деген тілектерін білдірді әншінің жанкүйерлері.