«Билет сатылымы www1.ticketmaster.com -да басталды», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Димаш Құдайбергенов Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ.
Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.
Бұл билеттер белгілі бір топтарға (фанаттар, карта ұстаушылары, команда) сатылады. Арнайы кодты алу үшін мына сайтқа тіркелу керек.
Жалпылама сатылым (public sales) 13 қыркүйекте таңғы 10:00-де әнші атаған сайтта басталады.