НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Жапонияда мамыр айына жоспарланған концертін өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қымбатты достар, Жапонияда «Токио джаз» жобасы аясындағы 24 мамырға жоспарланған концертімнің өтпейтінін өкінішпен хабарлаймын. Жақын арада барлығы түзеліп, Жапонияда ғана емес, көптеген елдерде кездесеміз деп үміттенемін. Сіздеді шексіз жақсы көремін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бұған дейін әнші коронавирусқа байланысты «Arnau Tour» әлемдік турнесін кейінге қалдырған еді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.