Жаңа клип туралы жерлесіміз әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті. Жазбаның мағынасына келсек, әншінің жанкүйерлерін тосынсый күтіп тұр.
«Surprise! Let’s not relax because a new music video is on the way», - деген жазба қалдырған Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, биыл 24 мамырда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» сапары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концерті өтпек.
Айта кетейік, таяуда Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды.