Димаш сахнаға: «Ассалаумағалайкум ағайын, жаңа жыл құтты болсын!», - деп шықты. Сондай-ақ, «Опера 2» әнімен қытайлық көрермендерді тағы да тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қытайдың көне күнтізбесі бойынша әр жыл сайын қытай Жаңа жылы 12 қаңтар мен 19 ақпан аралығында келеді. Осы уақыт жыл басындағы жаңа туған айға сәйкес келеді. Грегориан күнтізбесі енгізілгеннен кейін бұл мерекені батыстық жаңа жылдан ажырату үшін «Көктем мерекесі» деп атайтын болды.
Айта кетерлігі, отандасымыз Хунан телеарнасының «Singer2017» ән байқауына қатысып жатыр. Бұған дейін әншінің байқаудағы сәтті өнері туралы хабарлаған болатынбыз. Әншінің талантына таң-тамаша болған қытайлықтардың қарасы көбейіп, оның Sina Weibo (Туиттердің баламасы) микроблогына жазылушылардың саны 1 миллион 200 мыңнан асып кеткен.