Қытайдағы «I am a Singer-2017» байқауына қатысушы қазақстандық әнші өзінің өнеріне бас июшілерге Инстаграмдағы қолдаулары үшін алғыс білдірді. Ол өзінің постын ағылшын және қазақ тілдерінде жазды.
«Мен өзімнің шет мемлекеттердегі достарым мен Қазақстандағы менің өнерімді бағалаушы азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Мен арнайы фанклубтың құрылғанына ризамын, мен Қытай, АҚШ, және Еуропа елдерінен қолдау көріп отырғаныма қуаныштымын»,-деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Қытайдың Чанша қаласында «I am a Singer-2017» музыкалық шоуы жалғасуда. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Димаш Құдайбергенов келесі кезекте Астана уақыты бойынша сағат 20-05-те өнер көрсетеді.
Бағдарламаның бірінші кезеңі бойынша алдыда келе жатқан қазақстандық Димаш Құдайбергенұлы Hunan TV басты ойын-сауық телеарнасының музыкалық шоуында өзінің тыңдармандарын өнерімен тәнті етуін жалғастыра бермек. Байқаудың екінші күнінде ол Витастың «Опера №2» әнін орындайды.
Айта кететін мәселе - ерекше танымал азиялық байқаудың ережесі өте күрделі. Оған тек тек өз елінде ерекше танымал, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары ғана қатыса алады. Ұйымдастырушылар үміткерлердің қай күні қандай ән айтатынын өздері таңдайды.
I would like to thank foreign friends and fans! I am delighted with the establishment of my fan base, and I am very happy with the support of my friends who love music in regions such as China, America, Europe. The people of Kazakhstan are so fond of music, art, and hospitality. I love you !❤️🇬🇧🇱🇷 ____________________________________________ Мен өзімнің шет елдік достарыма, өзге елде тұратын жанкүйерлеріме де алғыс білдіргім келеді! Арнайы фан клубтардың ашылуы, қытайлық жанкүйерлерімізбен бірге, АҚШ, Европадан xабарласып жатқан өнер сүйер қауымға шынайы ризамын! Тілектеріңіз бен ниеттеріңіз жүрегімнен орын алып жатыр! Қазақ елі осындай өнерге бай, қазақ жері мейірімді, қонақжай! Менің өнерімді сүйетін барша жанға ықыласым бірдей! Сіздерді риясыз жақсы көремін!!! ✊👍❤️ 🇰🇿 ____________________________________________ 我想对国外的朋友和粉丝们表示感谢!为我的粉丝团的建立感到高兴,(向中国,美国,欧洲,)等地区喜爱音乐的朋友,对我的支持心满意足。哈萨克斯坦人民就是这样喜爱音乐,艺术,并且热情好客。我爱你们 !🇨🇳❤️❤️❤️ #DQ #TheSingerDimash
Фото опубликовано Димаш Кудайбергенов (@kudaibergenov.dimash) Янв 26 2017 в 1:10 PST