Онда әр-түрлі фильмдердің эпизодтарынан үзінділер беріліп, отандасымыздың өнеріне тәнті болған жанкүйерлердің бейнесін жақсы сәйкестендіре білген.
Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік желісіне жүктелген видеоны бір күннің ішінде 3 миллион 340 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген.
Айта кетейік, Қытайдың Хунан TV телеарнасының «singer2017» ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтің Қытайда танымалдылығы артып келеді. Алғашқы айналымда-ақ орындау жағынан өте күрделі болып саналатын француздың әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, әділ қазыларды аузына қаратқан еді . Қазақ атын әлемге танытқан әншіге Қытайдағы қандастарымыз жарыса өлең арнауда.