«Бүгін Қытайдың атақты шырақтар фестивалі кешінде Кенен Әзірбаев атамыздың «Ой жайлау» әнін шырқаймын! Тікелей эфирде 19:30 (Бейжің уақытымен) Hunan Tv арнасында! Қытайда айтылатын алғашқы қазақша әнімді жақсы қабыл аласыздар деп ойлаймын!» -, деп жазған болатын әнші Инстаграмдағы парақшасында.
Еске сала кетсек, Юан Шияу - Қытайдың дәстүрлі «Шырқатар» мерекесі. Әр жылы «Көктем мерекесі» аталатын қытайдың жаңа жылының 15-күні тойланады. Көшелерге және үйлердің ауласына арнайы жасалған шырақтар ілініп, отбасы мүшелері Таң Юан деп аталатын ұлттық тағамдарын дәм татады.
Хунан телеарнасы әр жыл сайын танымал жұлдыздарды шақырып, мерекелік концертті тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, қазақстандық әнші бұған дейінде Хунан телеарнасының әлем қытайларына арналған «Көктем мерекесі» концертінде өнер көрсеткен болатын.