Димаш Латын Америкасындағы тыңдармандарының арқасында «орман қорғаушысы» атанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Латын Америкасынан келген Димаштың жанкүйерлері Аргентина Патагониясында ормандарды қалпына келтіру науқанын бастады. Dears-тің мақсаты – аймақта мың ағаш отырғызу, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамыр айында Чили, Аргентина, Боливия, Перу, Мексика, Коста-Рика, Венесуэла, Колумбия және Жапониядан келген Димаштың жанкүйерлерінен тұратын қазақстандық орындаушы Dimash Latin Dears фан-клубы «Патагониядағы достар қауымдастығымен» бірлесіп, Аргентинада ормандарды қалпына келтіру бойынша науқан ұйымдастырды.

Бұл қауымдастық осы ауданда тұқым жинаумен айналысады, оларды өсіреді, содан кейін мамырда немесе қыркүйекте ағаш отырғызады.

Орманды қалпына келтіру науқанын бастау үшін Dimash Latin Dears қаражат жинады. Жиналған ақшаға фан-клуб мамыр айында Dears отырғызған «Патагониядағы достар қауымдастығынан» 382 ағаш сатып алды.

Кейін фан-клуб екінші акцияны бастады, оның басты мақсаты - 1000 ағаш отырғызу болды. Бұл жолы науқанға Димаштың бүкіл әлемдегі жанкүйерлері өз еркімен қатысты.

Қазіргі уақытта Dears мақсатына жету үшін 200-ге жуық ағаш отырғызу қалды, содан кейін Димаштың атына «Орман сақтаушысы» сертификаты беріледі.

«Патагония достары қауымдастығы» ресми сайтында Dears өздері қалаған ағашты сатып алуы (осылай сыйға тарту) үшін арнайы сілтеме жасады.


Фото: dimashnews.com