BoxRec порталының мәлметтеріне сүйенсек, қазақ боксшысы 28 мамыр күні Нью-Йорк қаласы Барклайс спорт кешенінде жекпе-жек өткізеді, алайда әзірге қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) және полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) қолғап түйістіреді.
Еске сала кетсек, Димаш Ниязов өткен жылы 11 қараша күні Юниондейл қаласында америкалық Агустин Маурасты (6-3-3, 3 КО) бесінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, 13-ші жеңісіне қол жеткізген болатын.