Видео Sina сайтының Weibo парақшасына жүктелді. Небәрі екі сағатта оны көрушілер саны миллионға жақындады. Тыңдармандар Димаштың әнді қытай тілінде ерекше таза әрі жоғары деңгейде орындағанына шек келтірмеді.
Бұған дейін 5 сәуір күні қытайлық QQ music қосымшасына жарияланған әннің аудио нұсқасы түсірілім жағынан алдына жан салмады. Ал алдын ала қысқа таныстырылымының Weibo парақшасындағы көрілімі 6 миллионнан асып кетті.
«Battle of Memories» киносы 28 сәуір прокатқа шығады. Сюжет бойынша, кино 2025 жылы белгілі жазушы Жиаң Фың әйелімен арадағы кикілжіңнен кейін екеуінің 10 жылға созылған тату-тәтті өмірін жаңа технологияны пайдаланып есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен әйелінің талабы бойынша сол сәттерді есіне қайтарғанда, басына қылмыстық істердің уақиғалары оралады.