Димаш сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді
00:31, 09 Қазан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру кезінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді. Бұл туралы ҚазАқпарат DimashNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«9 қазан күні MTV-дің ресми YouTube каналындағы тікелей эфирде Димаштың тағы бір бейнебаяны көрсетіледі. MTV-дің ресми YouTube каналы тұңғыш рет 2 қазан күні Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» шығармасының көрсетілімін берген болатын. Ол үлкен көрсеткішке ие болды. Әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру нәтижесінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді», - делінген хабарламада.