«Барша жанкүйерлерімді Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын. Нұрын шашып келетін Жаңа күн жаңалыққа толы болсын! Тілегі мен ықыласын жеткізген баршаға ықыласым шексіз. Маған тосын сый жасап Алматы көшелеріндегі барлық LED экрандарға тілегін білдірген 25 Dears-қа ерекше алғыс білдіремін. Баршаңызға дастарханымыз тек жақсылыққа жайылсын дегім келеді»,-деп жазған Димаш өз парақшасына.
Жалпы, Димаштың өнеріне тәнті фанаттар оны таң қалдырудан жалығар емес. Тіпті, Қытайдағы жанкүйерлер Қазақстанға келіп, қазақ жерін зерттеген. Сондай-ақ, Димаштың қарны ашпасын деп қазақтың ұлттық тағамдарын да əзірлеген.