Димаш туған жері Ақтөбеде клип түсіреді

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін күтпеген мәлімдемесімен толқытып, қызықтырып қойды. Өнер иесі өзінің жаңа бейнебаянын Ақтөбе қаласында түсіруді жоспарлап отыр.

Фото: instagram.com

— Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін, — деп жазды әнші Instagram парақшасына.

Айта кетейік, жақында ақтөбелік оқушылар Димаш Құдайбергеннің жанкүйерін сән-салтанатпен қарсы алды.

Ал жуық арада Димаштың Нью-Йорктегі тарихи концерті жайлы деректі фильмі көрерменге жол тартады.