Димаш үшін арнайы тапсырыспен құлаққап жасалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің қаласында өтетін Димаштың тыңдармандармен кездесу кешіне әншінің фанаттары айрықша дайындалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Димашқа жанкүйерлік ететін D.M.D. (Dears of Magical Dimash & Diamond for Dimash) және Guardians of  Dimash жанкүйерлік топтары бүгінгі кеште Димашқа ерекше құлаққап сыйламақшы. Олар арнайы тапсырыспен qdс маркасының соңғы үлгідегі құлаққабына әншінің тегі мен аты-жөнінің бас әріптерін жаздырған.

Құны үш мың долларды (бір миллион теңгеге жуық) құрайтын бұл айырықша сыйлық бүгін тыңдармандармен кездесу кешінде әншіге табысталады.

Айта кетейік, бүгін ерекше дарын иесі, танымал әнші Димаш Құдайберген 23 жасқа толды. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен құттықтаулар жолдануда.  

Соңғы жаңалықтар