Димаш «Voice Beyond Horizon» шоуының қатысушыларын таныстырды

Фото: dimashnews.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Voice Beyond Horizon» шоуының бастамашысы әрі атқарушы продюсері Димаш Құдайберген жобаның эфирге шығуы қарсаңында оның қатысушыларын таныстырды. Бұл туралы Dimashnews.com сайты хабарлады. 

— Тоғыз жыл бұрын Қытайдағы «Singer» жобасының сахнасына шыққан сәттен бастап, музыкада шекара жоқ екенін терең сезіндім. Сол кезеңнің өзінде-ақ Жібек жолының дауысы мүмкіндігінше әлемге естілсе деген арманым болды. Осы мақсатта мен сіздерді мүлде жаңа музыкалық диалогтың дүниеге келу сәтіне куә болуға шақырамын.

Қазақстанның көркем де көрікті табиғи ландшафттарында алғаш рет Қытайдан Чжан Синьюй, Ла Даньчжу, Цай Чэнъюй, Қырғызстаннан Нұр Чулпон, Малайзиядан Джерил Ли, Италиядан Джулия Фальконе, Сербиядан Принц және Қазақстаннан Нұржас Садирбаевтың дауыстары бір арнада тоғысады.

5 ақпаннан бастап әр апта сайын бейсенбі күндері сағат 22:00–де Hunan TV және Mango TV платформаларында Жібек жолы жастар хорының музыкалық үндестігіне бірге бойлауға шақырамын, — деді Димаш.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Айта кетелік Димаштың Қазақстанда түсірілген халықаралық жобасы Қытайда көрсетілетіні туралы жазған едік