Димашқа ең үздік залды таңдаймыз: Министр әншінің АҚШ-тағы концерті жайлы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертіне дайындық қалай жүргізіліп жатқанын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаш Құдайберген – біздің Қазақстанның брендіне айналыпкеледі. Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей, біздің министрлік жас дарындардыбарынша қолдап келеді. Жас дарындар үшін республикалық және халықаралықбайқауларды өткіздік. Дарынды балаларды байқауларға, шеберлік сағаттары менфестивальдерге жіберуге арналған бюджеттік бағдарлама да бар. Өрендерімізүмітті ақтап, айтулы биіктерді бағындыруда», - деді Ақтоты Райымқұлова Орталықкоммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр Димаш Құдайберген өзінің кәсіби биігінбағындыруда төзімділік мен еңбекқорлықтың ең үздік үлгісі екенін атап өтті.

«Әлбетте, ол қазақстандық өнерді ең жетекші әрі әлемдікдеңгейде танытып жүрген өте дарынды жігіт. Өздеріңіз білетіндей, Мәдениет жәнеспорт министрлігінің қолдауымен Димаштың көнцерті Нұр-Сұлтанда, Лондонда,Мәскеуде өткенін білесіздер. Биыл сондай концертті Нью-Йоркте өткізудіжоспарлап отырмыз. Ол үшін министрлік белсенді түрде келіссөздерді жүргізіпжатыр. Бірнеше зал ұсынылды. Залдардың бірнеше нұсқасын қарастырып, дарынныңдеңгейіне сай келетін ең үздігін таңдап алғымыз келеді. Сондықтан, жылдыңсоңында АҚШ-та концертін өткізуді көздеп отырмыз. Қандай зал болатынын бізсіздерге міндетті түрде хабарлаймыз. Билет сатылымы да басталады», - дедіминистр.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концертіөтетіні бұған дейін хабарланған болатын.

«Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың IIIтоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі «Madison Square Garden» алаңында ДимашҚұдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоудыұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», - деген еді бұрынғы Мәдениет және спорт министріАрыстанбек Мұхамедиұлы.


Соңғы жаңалықтар