Димаштың Еуропалық туры: Dears әншіні Лондонда қарсы алды

Фото: dimashnews

АСТАНА. KAZINFORM — 2 маусымда Лондонға Лара Фабианның жеке концертіне өнер көрсету үшін келген қазақстандық әншіні Ұлыбритания астанасының әуежайында Dears күтіп алды, деп жазады Dimashnews.

Ұлыбританиялық және өзге елден келген жанкүйерлер қазақы дәстүр бойынша шашу шашып, өнерпаздың келгеніне қуаныштарын білдіріп, амандық-саулық тіледі.

Сондай-ақ, «D and Dears-қа» деген ыстық ықыластың символы ретінде «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқады.

Фото: dimashnews

Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде 3 маусымда OVO Arena Wembley аренасында қатысады.

Келесі күні, 4 маусымда Димаш Hilton London Wembley/Grand Ballroom залында жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша 18.30.

Фото: dimashnews

Бұған дейін биыл Нью-Йорктің әйгілі сахнасы Madison Square Garden-де Димаштың концерті өтетіні хабарланды.