Ұлыбританиялық және өзге елден келген жанкүйерлер қазақы дәстүр бойынша шашу шашып, өнерпаздың келгеніне қуаныштарын білдіріп, амандық-саулық тіледі.
Сондай-ақ, «D and Dears-қа» деген ыстық ықыластың символы ретінде «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқады.
Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде 3 маусымда OVO Arena Wembley аренасында қатысады.
Келесі күні, 4 маусымда Димаш Hilton London Wembley/Grand Ballroom залында жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша 18.30.
Бұған дейін биыл Нью-Йорктің әйгілі сахнасы Madison Square Garden-де Димаштың концерті өтетіні хабарланды.