Сонымен қатар, Қытайдағы жанкүйерлер артиcтің 32 жасқа толуына орай Шанхайдағы қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған RHR Shanghai Adoption Home панажайына 26 760 юань (шамамен 3950 доллар) аударған.
RHR Shanghai Adoption Home — Шанхайда орналасқан, қаңғыбас және зорлық-зомбылық көрген жануарларды құтқарумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. DimashNews дерегіне сәйкес, бұл ұйым 2012 жылы құрылған. Ол RHR (Rescue, Heal, Rehome — «Құтқару, емдеу және жаңа үй табу») қағидатын ұстанады. Құрылған уақыттан бері ұйым 4000-нан астам жануарды құтқарып, олардың шамамен 2000-ін жаңа отбасына орналастырған, ал 250-ден астамы әлі де қамқорлықта әрі жаңа үйіне кетуді күтіп жүр.
Биыл 24 мамырда Димаш Құдайбергенов 32 жасқа толады.
Еске сала кетейік, жақында Бельгияда Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы радиобағдарлама эфирге шықты.
Испанияда Димаш пен жанкүйерлері туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді.