Аргентинадағы фолк клубтар ән мен биге құмар халықтың сүйікті орындарының бірі деуге болады. Онда көбінесе қалың көпшіліктің жүрегінн орын алған танымал халық әндері орындалады. Осынау музыкалық аураны көзбен көріп, жан-дүниесімен сезіну үшін туристер де фолк клубтарға жиі барады.
3 қазанда Сальта провинциясының фолк-клубындағы үлкен экранда Димаштың аты аңызға айналған «S.O.S» әнін орындаған сәті көрсетілді.
«Оған құдайдың өзі батасын берген. Оны көбіңіз білесіздер. Білмесеңіздер, ол жер шарының келесі бір бұрышынан шыққан. Оның аты – Димаш, оның дауысы ктаңғажайып», - деп таныстырды шараның жүргізушісі қазақстандық әртісті.
dimashnews.com-ның жазуынша, «S.O.S» бейне көрсетілімі «La Era Dimash» радио станцсасы ұйымдастырған арнайы тур аясында ұйымдастырылған.
«Турдың мақсаты – қазақстандық әртісті Аргентинаның түкпір-түкпіріне таныстыру, оның шығармашылығын одан да көп адамдар ашу», - деп жазады dimashnews.com.