Димаштың елордадағы концертінде болған шетелдіктер Қазақстанға қайта келмек

Фото: None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтан қаласындағы концертін көрген Франциядағы жанкүйерлер клубының мүшелері Қазақстанға қайтып келмек ойда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Шетелдік жанкүйерлерәншінің концертінен кейін Алматы қаласында болып, оның көрікті жерлерінтамашалап қайтқан. Француздар әсіресе қазақстандықтардыңақпейілділігі мен еліміздің әсем табиғаты үлкен әсер еткенін айтады. Фан-клубтың барлық дерлік мүшелері келесі еңбекдемалыстарында елімізге қайта келуді шешіп отыр.

«Қазақстандаөз елімізде жүргендей сезіндік. Біздіөте жақсы қарсы алды. Қазақ елі әсем табиғатымен және халқының қонақжайлығыменесте қалды. Сондықтан Қазақстанды қайта барып көргіміз келеді», - дейді Димаштың жанкүйерлері клубының әкімшісі СандраСкамарони.

«Мен сіздіңеліңізді Димаш арқылы таныдым. Оның Қазақстанды келіп көругешақыруы өте дұрыс. Себебі,сіздің елдің тарихы, мәдениеті бай. Батыста өзіміздің тамырымызбен байланыстыжоғалтып алдық десек болады. Ал Қазақстанда ұлттық киім киіп, ат мініп жүргенадамдарды көрдік. Мұны сақтау керек»,- деді жанкүйерлерклубының мүшесі Сильви Гальдеано.




Соңғы жаңалықтар