Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды
01:46, 17 Ақпан 2020
КРАСНОДАР. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews сайтына сілтеме жасап.
7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер адамдар аз емес.
Бұған дейін белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.