АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың фанаттары әнші туралы ақпараттарды әлемнің 11 тіліне аударып, таратпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астанадағы әншінің концертіне арнайы келген әншінің жанкүйерлері айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Димаш Құбайбергенді ерекше құрметтейміз. Оның жүрген жерін, жұтқан ауасын көру үшін Қазақстандағы концертіне арнайы келдік. Үлкен дайындықпен өз сыйлықтарымызды ала келдік. Біз Димаш туралы ақпараттарды, оған қатысты бейнежазбаларды әлемдегі әншінің фанаттары үшін 11 тілге аударып, Ютуб каналына жүктеп жатырмыз», - дейді әншінің фанаты Тан Милиң.
Олар Димаштың концертіне келуді ерте жоспарлағандығын айтты.
«Біз қытайдың әр өлкесінен келдік. Астанада Димаштың концерті өтеді дегеннен бастап, демалыссыз жұмыс жасап, еңбек демалысымызды осы уақытқа сәйкестірдік», - дейді олар.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.