Мұхамедиұлы алдымен концерт берген Димаш Құдайбергенге үлкен ризашылығын білдірді.
«Достарым, кеше Астанада өткен салтанатты кеште Қытайдың беделді «I am a singer» жобасында жасындай жарқылдаған талантты әншіміз Димаш Құдайбергенге үлкен құрмет көрсеттік. Біз Димашты жақсы көретін және оны сүйіп тыңдайтын тыңдармандары үшін «Қазақстан» концерттік залына тегін кіруге мүмкіндік бердік және ниет танытқан барлық жұртты концертті тамашалауға шақырдық. Димаш Құдайберген кеше керемет концерт өткізіп беріп, ата-анасымен ән шырқады, өз жеңісін атасы мен апасына арнады. Димашты көруге келген, оны қолдап, қошаметтеген барлық адамдарға алғысымды айтамын. Тығыз графикке, алыс жолға қарамастан, Қытайдан келе сала, Қытайда қолдау көрсеткен тыңдармандарына сый-құрмет ретінде, ең алғашқы концертін Астанада өткізуге келісімін бергеніне Димашқа арнайы ризашылығымызды білдіреміз!», - деп атап өтті ол.
«Орын алған оқиғаға келетін болсақ. Өте өкінішті жағдай болды. Ешкім де азаматтардың, соның ішінде журналистердің іс-әрекет еркіндігін шектеуге құқық жоқ. Қауіпсіздік қызметінің мұндай қылығы әрине жосықсыз. Таңертең мен қақтығыс қатысушыларына қатысты қатаң шара қолдануды бұйырдым және «Қазақстан» орталық концерт залының басшылығы аталған қауіпсіздік қызметінің өкілдері жұмыстан қуылғанын хабарлады. Сөз жоқ, бұл EXPO-2017 көрмесінің қарсаңында маңызды қорытынды шығаруымызға түрткі болды. Ұйымдастыру жағынан біз енді мұндай оқиғалардың енді орын алмауы үшін қажетті шараларды күшейтеміз. Ал Димаштың концертін ұйымдастыру кезінде бұдан былай сыйымдырақ алаңдарды таңдайтын боламыз», - деді министр.